Жастарға арналған «Жас Кеңес Сыйлығы» конкурсына өтініш қабылдау басталды.
Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған конкурс күнделікті жұмысы көпшілікке көрінбейтін қоғамның маңызды салаларында жұмыс істейтін жас мамандарға арналған. «Жанқиярлық», «Алтын Жүрек», «Өнеркәсіп», «Болашақ туралы қамқорлық», «Адамгершілік», «Көмек қолы», «Біздің үй» атты арнайы номинациялар бар. Яғни, конкурсқа кез келген салада еңбек ететін 35 жасқа дейінгі азаматтар үміткер бола алады.
Байқаудың жүлде қоры – 14 млн тг. Әр жеңімпазға 1 млн. теңгеден бөлінеді.
Толығырақ: https://jaskenes.tilda.ws/siylygykz