Алаяқтықтан сақтану, интернет алаяқтықтардан сақ болу

Алаяқтықтан сақтану, интернет алаяқтықтардан сақ болу

2024 жылдың 17 сәуір күні, Қарғалы аудандық емхана мәжіліс залында аурухана қызметкерлеріне аудан прокуроры Урекешов Ернар Жақсылықұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы Сидакин Мақсат Бисенбіұлы, аудан әкімінің орынбасары Бадаков Бекзат Гаппарұлы “Алаяқтықтан сақтану, интернет алаяқтықтардан сақ болу” тақырыбында жиналыс өткізіп, соңғы уақытта өкінішке орай, елімізде алаяқтық көбейіп кеткенін, сол себепті алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін сақтық жолдарын түсіндірді, қатысушылар қойған сұрақтарына мамандандырылған жауап алып, ақыл – кеңесіне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.