Қымбатты аудан тұрғындары!
Баршаңызды шаттық пен қуаныш әкелетін - Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл жарқын да шуақты мереке, жаңа мақсаттарға жол ашар үмітті сәт. Әрбір жылды шығарып салар тұста өткенді ой елегінен өткізіп, жылды қорытындылап, алдымызға үлкен мақсаттар қойып, қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күтеміз.
Әрдайым жоғары кәсібилігімен және еңбекқорлығымен ерекшеленіп, ауданымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша қарғалылықтардың белгіленген ауқымды мақсаттарды жүзеге асыруға өз үлестерін қосатындығына сенімдімін.
Жаңа 2024 жылы, тұрғындардың өмір сүру жағдайын көтеруге бағытталған, маңызды жобалар бойынша жұмыстар жалғасын тауып, біздің ортақ жеңістеріміз бен жетістіктеріміздің тағы бір елеулі кезеңі болатындығына кәміл сенемін.
Ардақты ағайын!
Баршаңызды келе жатқан жаңа жылмен шын жүректен құттықтай отырып, Жаңа жыл әр отбасына жылулық әкелетін ынтымағы мен бірлігі жарасқан аудан халқы үшін сәтті жыл болып, әр шаңырақта береке – бірлік, шаттық пен қуаныш орнауына тілектеспін!
Құрметпен,
Аудан әкімі А.Жүсібалиев