• Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті
жұмыстарда құрыла алмайды.
• Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
• Салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және экологиялық үстемеақылар бойынша
төлемдерді есептемегенде пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескере отырып, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдарға жалақыға берілетін субсидиялардың ай сайынғы мөлшері белгіленген жалақы мөлшерінің 35% - құрайды, бірақ 20 (жиырма) АЕК-тен аспайды.