
Қадірлі ағайын!
Баршаңызды күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша қастерлі мейрам – Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қасиетті Рамазан айы – рухани жаңарудың символы. Бұл кезде адамдар мейірімділік, ізгілік, татулық пен келісім сияқты бірегей құндылықтарға бет бұрып, әркім өзінің әрекеті мен өзгелерге қарым-қатынасын қайта бір саралайды.
Рухани жаңарып, жаңғыруға талпыну бәріміз үшін маңызды және ол қазіргі қазақстандық қоғам алдындағы міндеттерге неғұрлым сай келеді.
Осы мереке күндері әрбір мұсылман жақсы істер жасауға, жақындарына қуаныш сыйлап, мұқтаж жандарға көмектесуге тырысады.
Осындай ізгі ниеттер мен игілікті істер еліміздің бірлігі мен тұтастығын сақтауға зор септігін тигізетін ұлттық бірегейлігімізге негіз болуда.
Шуақты Ораза айт
мерекесінде баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін!
Құрметпен
Қарғалы ауданының әкімі А.Жүсібалиев