«Прокуратура туралы» Конституциялық Заңы бойынша тезисі

«Прокуратура туралы» Конституциялық Заңы бойынша тезисі

Құрметті азаматтар!

Ағымдағы жылдың 5 қарашасында Мемлекет басшысы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына қол қойды .
Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының негізгі және басты мақсаты – қоғамда және мемлекетте құқық пен заңдылықтың үстемдігіне қол жеткізу, сондай – ақ Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру болып табылады.
Енгізілген Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы пәрменді құралдарды, қадағалау тетіктерін көздейді және барынша жүйелендірілген болып табылады.
Адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтіру үшін прокуратура, оның ішінде Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды және оның қызметіне жәрдем көрсетеді.
Бұрынғы тәжірибеге сәйкес көптеген шағымдар уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына жіберілетін.
Бұл шектеулер азаматтардың сынына негізді түрде себеп болатын.
Заң прокуратура органдары қарайтын өтініштер тізімін кеңейтті.
Мемлекеттік орган шағымдарды қарау кезінде әрекетсіздік жасаған не уәкілетті орган болмаған жағдайда, прокуратура ден қоюға және тиісті шаралар қолдануға міндетті болады.
Прокурор заңдылықты бұзу фактілері бойынша шағымдарды қарауға, оларды жою адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін жағдайларда құқылы.
Сондай – ақ, прокурор, егер адам физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына не өзге де мән –жайларына байланысты өз құқықтарын қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтын кезеде өтініштерді қарауға құқылы.
Кәмелетке толмағандарды, сондай – ақ шектеусіз адамдар тобын қорғау қамтамасыз етіледі.
Бизнес мүдделерін қорғау мақсатында прокурорға мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары тарапынан олардың қызметіне араласқан жағдайда және кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарау құқығы берілді.
Бұл ретте заңда прокуратура өзге мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмайды деген норма сақталған.
Заң прокуратураның шешімдері мен актілеріне шағымдарды сотқа дейінгі реттеу тәртібімен реттейді. Бұл ӘРПК-нің 9 – бабының талаптарына сай, егер заңда дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі белгіленсе, осы тәртіп сақталғаннан кейін сотқа жолданым беруге болады.
Сонымен қатар, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына Бас прокурордың өкілеттіктеріне қатысты өзгерістер енгізілді, яғни Бас прокурор өз өкілеттіктері шегінде республиканың халықаралық шарттарын олардың Конституцияға сәйкестігіне ратификациялау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциялық сотына жүгіне алады, Конституция нормаларына, сондай – ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің олардың Конституция сәйкестігіне ресми түрде түсіндірме береді.
Бұл новелла прокуратураның құқық қорғау әлеуетін жаңа мазмұнмен толтырады, өйткені кез келген нормативтік құқықтық акт бойынша прокурор Конституциялық соттың алдында оның Негізгі заңға сәйкестігі туралы мәселе қоюға құқылы.
Бұл заңнамалық норма прокуратураның заңсыз құқықтық актілерге наразылық білдіру және оларды жалпы юрисдикциялық соттарында сот тәртібімен жою жөніндегі өкілеттіктерімен қатар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтеді.
Айта кету керек, прокурорлардың қадағалау функцияларын күшейту мақсатында прокурорлық қадағалаудың жаңа актісі енгізілді.
Заң бұзушылықтарға жол бермеу туралы түсіндіру – бұл құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету немесе дайындалып жатқан құқыққа қайшы әрекеттер туралы мәліметтер болған кезде прокурор, жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылықтарға жол бермеу туралы жазбаша немесе ауызша нысанда түсіндіреді және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік туралы ескертеді.

Қарғалы ауданының прокуратурасы