Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші өтем ақы алуға құқылы

Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші өтем ақы алуға құқылы

10.01.2018 жылғы Қазақстан Республикасының «Жәбірленушілерге өтем ақы қоры туралы» Заңының (бұдан әрі-Заң) аясында 01.07.2020 жылдан бастап жәбірленушілерге өтем ақы төлеу рәсімі басталды.

Заңның 6-бабына сәйкес, өтем ақы алуға құқығы бар жәбірленушілердің тізімі көрсетілген.

Атап айтқанда, өтем ақы сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер болып табылатын кәмелетке толмағандарға, адам саудасымен және азаптаулармен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер деп танылған адамдарға, денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммунтапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырғанадамдарға, жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленушінің құқықтары берілген адамдарға тағайындалады.

Төлемдердің тізбесін сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары жүргізеді.

Сондай-ақ, Заңның 8-бабының 1,3-бөліктеріне сәйкес, адамжәбірленуші деп танылғаннанкейін ол қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органға өзіне өте мақытағайындау туралы өтініш жасауға құқылы.

Өтініш берудің ескіру мерзімі адам жәбірленуші деп танылған күннен бастап үш жылдық ұрайды.

Өтем ақы тағайындау осы Заңның 8-бабының 6-бөлігінде қаралған құжаттар негізінде  жүргізіледі.

Бұл заң талаптары тұрғындар назарына түсіндірмеретін де жеткізіледі.

 

Қарғалы ауданының прокуратурасы