СПОРТ ДОП ҚУҒАН БАЛАЛАР ДОДАҒА ТҮСТІ ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНДА «БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА ФУТБОЛДАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ.

СПОРТ ДОП ҚУҒАН БАЛАЛАР ДОДАҒА ТҮСТІ ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНДА «БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА ФУТБОЛДАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ.
Спорт күніне орайластырылған жарысқа Ақтөбе қаласы мен 8 ауданнан жүзге жуық жас футболшы қатысты.
Дүбірлі доданың ашылу салтанатына арнайы келген облыстық футбол федерациясының Президенті Ерлан Джамантаев пен «Ақтөбе» футбол орталығының басшысы Валерий Прихно жас спортшыларға сыйлықтар әкелуді де ұмытпапты.
Ауданымыздың әкімі Асқар Жүсiбалиев облыс орталығынан келген қонақтарға алғыс білдіріп, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Ал, Ақтөбеден келген қонақтар ұйымдастырушы тараптарға ризашылығын білдіріп, аудан әкімдігімен бірлесе отырып, алдағы уақытта да спорттық шараларды қолдауға дайын екендіктерін айтты.
Жарыстың ашылу салтанаты қызу ойынның тартысты сәттеріне жалғасты.
 
Қарғалы-ақпарат.