30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні!

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні!

Құрметті қарғалылықтар!
Сіздерді мемлекеттік мерекеміз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстанның негізгі заңнамасының күні саналатын 30 тамыз – біздің байтақ даламыздың әрбір азаматы үшін мереке. Қазақстанның Ата заңы – еліміздің демократиялық дамуының берік іргетасы. Конституцияны қабылдау адам мен азаматтың құқығын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болғаны анық. Бұл Қазақстанның әлемдік аренадағы халықаралық беделінің артуына ықпал етті.
Өз елін құрметтейтін әрбір азамат үшін оның құқықтық негіздері, тіпті, «Конституция» деген сөздің өзі зор мәнге ие. Бұл – жай ғана адал ниеттің декларациясы емес, шынайы қызмет ететін құжат. Конституция – азаматтардың құқығы мен бостандығын, қуатты мемлекетіміздің егемендігі мен бүтіндігін сақтайтын темірқазық.
Біздің Конституциямыз «Қазақстан – 2050» Стратегиясының әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі жөніндегі тарихи мақсаттары мен міндеттерін іске асырудың берік негізі болып табылады.
Конституция бізге ағымдағы міндеттерді тиімді шешуге, стратегиялық мақсаттарға ұмтылуға, қоғамдық, саяси, әлеуметтік және экономикалық өмірде өз әлеуетімізді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мереке күні әрбір қарғалылықтарға шуақты сәт, мықты денсаулық, баянды бақыт,
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Еліміз мәңгі болсын деп тілеймін!

Аудан әкімі Асқар Жүсібалиев.