АУДАН ӘКІМІ ҮШ ОКРУГТЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ ҮШ ОКРУГТЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Осы аптада аудан әкімі Асқар Жүсібалиев үш округке қарасты ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесті.

 Әуелі Желтау ауылдық окру­гінің Петропавл және Шәмші Қалдаяқов ауылдарына бар­ды. Одан соң Велихов ауылдық округінің Ақжайық және Вели­хов, Кемпірсай ауылдық окру­гінің Кемпірсай және Жосалы ауылдарында болып, жергілік­ті тұрғындарға аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алда жоспарланған жұ­мыстарға тоқталды.

Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындарды жеке сұрақта­ры бойынша қабылдады. Ау­дан әкімі жеке адамдардың өтініштері бойынша ауылдық округ әкімдеріне және тиісті са­лаға жауапты бөлім басшыла­рына нақты тапсырмалар берді.

Кездесу соңында ауыл ақ­сақалдары тұрғындар атынан атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, жос-парланған жұмыстарға сәттілік тіледі.

                                                                                                                                                                                             Қарғалы-ақпарат