Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинар өтті

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинар өтті

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинар өткізді.

Ағымдағы жылдың 12 шілде күндері Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералық бақылау бөлімінің басшысы Алматов Дәурен Қайратұлы және персоналмен жұмыс және қызметті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-заңгері Қ.Утеуовамен Ақтөбе облысының Қарғалы аудандарында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу мақсатында ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімі аппаратының басшысының төрағалығымен өткізілген семинарға ауданның мемлекеттік сатып алуына жауапты бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдерімен қоса мамандары қатысты.
Семинар барысында Департамент заңгері Қ.Утеуова қолданыстағы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 мамырдағы №498 бұйрығымен енгізілген өзгерістерге тоқталды.
Сонымен қатар, әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесіне қатысты біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі негізге алып, конкурстық өтінімдерді заңсыз қабылдамау - сыбайлас жемқорлықтың бірден-бір көрінісі болып табылатынын ескертті.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы бұзылған жағдайда, лауазымды тұлғаларға қатысты жауапкершілікті түсіндіріп, басқа да Департаменттің құзыреті шегінде қойылған сауалдарға жауап берді.
Сөз соңында алдағы уақытта Заңға сәйкес жемісті жұмыс істеулеріне сәттілік тіледі.