Қазақстан халқының бірлігі Күнімен!

Қазақстан халқының бірлігі Күнімен!

Құрметті қарғалылықтар! Сіздерді айрықша мереке - Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде халықтар достығы мен ынтымағын көздеген мамыр мерекесі халықтың тамаша дәстүріне, қазақстандық толеранттылықтың бейнесіне, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің символына айналды.

17-ден астам түрлі ұлттарға құтты мекен болған Қарғалы жері жылдан-жылға көркейіп, гүлденіп, кемелденіп келеді.

Біздің негізгі мақсатымыз – күш-жігеріміз бен ертеңгі күнге деген сенімнің бастауы болған, ел бірлігін одан әрі көздің қарашығындай қорғау.

Тек, татулықтың арқасында ғана біз барлық қиындықтардан сүрінбей өте аламыз. Бүгінде, ынтымағы ырысқа жалғасқан аудан экономикасы қарқынды дамып келеді. Биылғы жылы да аудан тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілетін болады.

Ендеше әрбір аудан тұрғыны осы құндылықтарды көзінің қарашығындай сақтауы тиіс.


Қадірлі жерлестер!

Бұл күн біздің әрқайсымыз үшін бірігу, жаңару, өзара түсіністік пен жасампаз еңбекке айрықша құрмет символы ретінде сақталып қала беретіндігіне сенімдімін.
Түрлі халықтың тағдырын тоғыстырған, тұтастығын сақтаған Қазақстан жасай берсін! Тілегіміз - тыныштық пен татулық болсын. Баршаңызға зор денсаулық пен табыс тілеймін!
Шаңырақтарыңыз шаттыққа, ізгілікті істеріңіз береке мен ырысқа толы болсын!
                                                                      

Аудан әкімі Асқар Жүсібалиев.