КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІН ТҮСІНДІРУ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІН ТҮСІНДІРУ

14.04.2022 жылы Қос-Истек орта мектебінде Қарғалы аудандық прокуратурасының прокуроры А.С. Альмурзаева Қарғалы аудандық ПБ УПИ А.М. Бекниязбен бірлесіп 8-11 сынып оқушылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кәмелетке толмағандарға қатысты маңызды тақырыптар қозғалды (атап айтқанда, алкогольді ішімдіктердің қауіпті әсері мен салдары және кәмелетке толмағандардың темекі өнімдерін тұтынуы). Сонымен қатар, олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды.

Аудан прокуратурасы кәмелетке толмағандар өмірде қиын жағдайға тап болған жағдайда келесі нөмірлерге қоңырау шалу керектігін ескертеді:

Қарғалы ауданының балалар сенім телефоны 23-211.

Call center - 23-814.

Қарғалы ауданының прокуратурасы - 22-106

Қарғалы ауданының прокуратурасы