Қарғалы ауданының әкімі А. Жүсібалиевтің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтауы!

Қарғалы ауданының әкімі А. Жүсібалиевтің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтауы!

Құрметті Қарғалылықтар!

         Сіздерді еліміздегі ең ұлы мерекесі болып саналатын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

         «Барымыз да, бағымыз да — Тәуелсіздік», — деп Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, біздің бүгінгі таңдағы жетістіктеріміз бен өркендеу жолдарымыз, алдағы болашаққа деген бағдарларымыз бен жоспарларымыздың барлығы да осы киелі ұғым аясында ғана жүзеге асады. Ата-бабаларымыз арман еткен Азаттық пен Егемендіктің шырағын жаққан осы қасиетті күннен бастап Еліміз дербес ел атанып, әлем елдері арасында таныла білді. Бұл қасиетті ұғыммен бірге қазақ елінің шаңырағы көтеріліп, іргесі нығайды. Осы жылдар ішінде Отанымыз дамудың даңғыл жолына түсіп, экономикасы дамыған, саясаты мығым таңдаулы ел атанып қана қоймай, баршаға үлгі боларлықтай, басқаға бағыт сілтейтіндей дәрежеге көтерілді.
         Тәуелсіздігіміздің арқасында біз көптеген игіліктер мен ізгі істерге қол жеткіздік. Отыз жыл ішінде жүзеге асқан ғаламдық жобалар мен теңдессіз жетістіктер, халқымыздың әл-ауқатын көтеру жолындағы жүзеге асқан жеңістерімізге әлемдік саясаткерлер мен сарапшылар жоғары баға беруде. Осының барлығы дерлік Тәуелсіздігіміздің аясында жүзеге асқанын тағы да нық сеніммен айта аламын. Өйткені, біз үшін қай кезде де Тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбатты ештеңе болған емес.


Қымбатты жерлестер!

         Осынау мерейлі мерекемен барша Қарғалы ауданы тұрғындарын шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің аспаны әркез ашық, жұртымыздың ырыс-несібесі мол болсын деп тілеймін. Егемен Еліміздегі мамыражай тыныштық пен берекелі тірліктің дәуірі мәңгілік болғай! Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын!

Аудан әкімі А.Жүсібалиев.