ХҚО мамандары құжатыңызды үйіңізге жеткізеді

ХҚО мамандары құжатыңызды үйіңізге жеткізеді

Биыл 10 aй қорытындысы негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының Фронт-офисті үйлестіру департаменті негізігі тиімділік көрсеткіштеріне талдау жүргізген. Нәтижесінде филиал III тоқсан қорытындысы бойынша республика көлемінде 3орын иемденіп, үздік нәтиже көрсеткен.

Жыл басынан бері Каспи қосымшасы арқылы «Жекелеген көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару» бойынша 10 942, Ықпал дастырылған ақпараттық жүйе арқылы –58 444 құжат рәсімделген.

Өткен жылы басталған пандемия халыққа онлайн мен жеткізіп беру қызметтерінің тиімділігін ұқтырды. Бүгін де филиалдың мамандандырылған бөлімі қызметкерлері дайын құжаттарды үйіне жеткізіп те береді. Әрине, қызмет ақылы–2 240 теңге. Бірақ,сіздің уақытыңызды үнемдейтін тиімді әдіс. Жыл басынан бері мамандар құжаттарды жеткізіп беру қызметі бойынша 56 қызмет көрсетіп, қызмет алушылардың жұмысын жеңілдеткен.