Тұрғындар назарына! Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер туралы

Тұрғындар назарына! Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер туралы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі Орталық филиалы 1411 байланыс орталығының 1414 Бірыңғай Байланыс - орталығының техникалық платформасына көшкендігін хабарлайды. Осыған байланысты, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап 1411 қысқа нөмірінің жұмыс істеуі тоқтатылды.
Ендігі уақытта әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер алу үшін 1414 нөміріне хабарласып, «5» батырмасын таңдау қажет, сосын зейнетақы мен жәрдемақы мәселелері бойынша консультация беру «1» батырмасын басу арқылы жүзеге асырылады, ал еңбек қатынастары және жұмыспен қамту бойынша консультация «2» батырмасын басу арқылы көрсетілетін болады.
Бұл ретте, ұсынылатын ақпараттық-консультациялық қызметтер спектрі сақталды және мынадай мәселелерді қамтиды:
- зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру;
- әлеуметтік сақтандыру;
- көп балалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы;
- атаулы әлеуметтік көмек;
- еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту;
- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кіретін өзге де мәселелер.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Ақтөбе облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша
Қарғалы аудандық бөлімі.