Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Жасөспірімдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар:
Оң нәтиже тек отбасының, мектептің және сыртқы демалыс және әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың бірлескен және үйлесімді жұмысымен мүмкін болады.
Сондай-ақ, аудан бойынша кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықты болдырмау, заңды мүдделерін қорғау мақсатында полиция бө-лімі, жұмыспен қамту бө-лімі, білім бөлімі, денсаулық сақтау және де өзге өкілдерді біріктіретін аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмыс жасайды.
2021 жылдың І жартыжылдығында комиссия отырыстары жоспарға сәйкес өтіп, кәмелетке толмағандарға қатысты маңызды мәселелер қаралды. Нәтижесінде 6 ата-ана өз міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2 ата ана - ата-аналық құқықтарынан сот шешімімен айырылды. 1 отбасының 3 баласы құжаттандырылды. 3 баланың ата-аналары ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушы-лықтың алдын алуда барлық мүдделі органдармен бірігіп профилактикалық рейдтер ұйымдастырылып, ойын – сауық орындары, қолайсыз отбасылардың тұрмыстық жағдайы тексеріледі.
Комиссия өз жұмысынбұл бағытта жалғастыруда.
Жайнагүл
Мұханбетжанова,
аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың
құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы.