Мектеп – бұл мұғалім, бала және ата-ананы қызықтырып, бірден жүзеге асатын идея, арман, көтеріңкі рух.
Мултыкбаева Роза Айтекеновна Әлімбет орта мектеп-балабақшасында 1979 жылдан бері жұмыс жасайды. 42 жыл педагогикалық қызметте: бастауыш сынып мұғалімі, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 20 жыл мектеп директоры қызметін атқарды. Роза Айтекеновна білім беру үрдісін шебер ұйымдастырып, педагогикалық ұжымға жетекшілік етті, мектеп қызметкерлеріне ынталандыру әдістерін тиімді қолдана білді. Өте білімді, кез-келген мәселенің жауабын таба алатын жан. Бұл ұстазға әдістемелік көмек үшін жүгініп, пайдалы кеңес алуға болады.
Роза Айтекеновна - керемет ұйымдастырушы. Ол ата-аналармен, мұғалімдермен, оқушылармен жұмыс істеуге көп көңіл бөледі.
Пәндік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, мектеп ауласын абаттандыруға, мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қанша күш пен денсаулық жұмсады. Мектеп - оның өмірі, кәсібі мен қуанышы. Ол өзінің идеяларымен, педагогикалық ойларымен бөлісе отырып, мұғалімдерге нағыз тәрбиеші болуға, өз кәсібіне шыдамды болуға көмектеседі.
Мултыкбаева Р.А. – қызығушылығы бар тұлға. Ол әр оқушының жүрегіне жол табуға тырысады, әр баланың тағдырына көңіл бөледі және сол тағдырдың әдемі болуына қажет нәрсені жасауға дайын. Ол өзінің жұмысы үшін жанын береді десек артық болмас.
Мектеп-балабақшаны, мектеп жанындағы интернатты басқару оңай болған жоқ.
Қызметкерлеріне талап қоя біледі, еңбек тәртібі бұзылған жағдайда оны назардан тыс қалдырмайды. Ол жаңа дүниелерді білуге құмар, әрқашан жастарға көмектесуге дайын тұлға.
Ол - педагог-зерттеуші, «Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі». Оның адал еңбегі Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының, кәсіподақтың, Нұр Отанның, аудандық білім басқармасының Мақтау қағаздарымен марапатталған.
Үлкен еңбексүйгіштік, сүйікті жұмысына адалдық, сарқылмас қуат, ашықтық, шынайылылық, өміршеңдік – Роза Айтекеновнаның айырықша белгілері. Оның көптеген оқушылары оның ізімен жүріп, мұғалім болып, мектепте жұмыс жасайды. Оның оқушылары бірнеше рет олимпиадалар мен сайыс-
тарда жүлделі орындарға ие болды.
Мектеп-балабақшаның ұжымы тату отбасы іспеттес.
Роза Айтекеновна кез-келген бас-талған істі аяғына дейін жеткізеді. Ол өз пәнінің шебері, әріптестеріне үйреткен білімін үнемі жетілдіріп отырады.
Егер жер бетіндегі әрбір жан қолынан келгеннің бәрін жасаса, онда біздің жер қандай әдемі болар еді…
Серік Жумагалиев.