«Туған жер»

«Туған жер»

Өскелең ұрпақтың туған жерге деген құрметін арттырып, олардың бойында елге, жерге деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында Қарғалы аудандық Жастар ресурстық орталығы «Туған жер» атты байқау жариялайды. Байқаудың негізгі шарты – қатысушы өз ауылы туралы

1 минуттық видео түсіруі тиіс. 

Байқауға 14-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Бейнеролик 30 шілдеге дейін @kargaly_jastary инстаграм парақшасында қабылданады.

Байқау қорытындысы екі күн ішінде шығарылып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталады. Өз ауылыңды, туған жеріңді көрсетіп, байқауда бағыңды сына!

Қарғалы – ақпарат.