Ортақ іске адалдық керек

Ортақ іске адалдық керек

Қарғалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерімен жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру бойынша үнемі тығыз жұмыстар жүргізіліп келеді. Кәсіпкерлік субъектілер мен жекелеген адамдар тарапынан  барлық нысандарда жемқорлыққа төзбеушілік туғызатын дәлелдер мемлекеттік кірістер органының қызметкерлерімен пара алу фактілерін анықтау бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

Өткен аптада аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратында Бағлан Исмагуловтың төрағалық етуімен партияның аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың жай-күйі және партияның Қарғалы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының» орындалу барысы туралы мәселе қаралды. Отырыста аудандық басқарманың орынбасары Гүлмира Алмышева баяндама жасап, осы бағыттағы жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. 

-Жұмысқа қабылдау кезінде жемқорлыққа қарсы шектеуді таныстырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын, өзінің мәртебесін қызметтік емес мақсаттарға пайдалануға болмайтынын ескеріп қол қойылады. Басқармамен мемлекеттік қызметкерлердің арасында үнемі техникалық оқулар жүргізіледі, 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында әр түрлі сұрақтар бойынша 8 жиналыстың 2-сі сыбайлас жемқорлыққа бағытталды,- деді ол өз сөзінде.

Сондай-ақ, «Сенім телефоны» арқылы мемлекеттік кірістер органдарының жұмысшылары мен қызметкерлерінің заңсыз әрекеттер фактілері бойынша шағымдану туралы, халықты хабардар етуде мақалаларды БАҚ баспа құралдарында және интернет-басылымдарында жариялау бойынша бірқатар жұмыстар ұйымдастырылған.Мемлекеттік қызметкерлерге жала жабатын теріс материалдарды, соның ішінде сыбайлас жемқорлықты анықтау фактілері бойынша БАҚ-да жариялаудағы жұмыс үнемі бақылауда. Басқармамен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау үшін «Цифрлық агент» мобильдік қосымшасы орнатылған. Сонымен қатар салық төлеушілер мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерге сапалы әрі сыпайы қызмет көрсетпегені үшін  шағым түсіре алады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді сапалы әрі уақытылы қамтамасыз ету бойынша жұмыс жандандырылған. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдерінің бұзылуын алдын алу шаралары мемлекеттік қызметтердің электронды түрде қызмет көрсетуді арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

Биылғы жылдың жарты жылында тұрғындарға 5 755 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мүмкіндіктерді қамтамасыз ету бойынша 2017 жылы Қарғалы ауданының кәсіпкерлер Одағының басшысымен мобильді құрылғыда (WhatsApp) «Предприниматели Бадамша» атты топ құрылған. Осы топта салық заңдылығы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда үнемі түсініктеме жұмыстары жүргізіледі. Топ құрылғалы бері салық төлеушілер тарапынан ешқандай шағым түспеген.

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасына жемқорлық қаупін ішкі талдау нәтижесі бойынша ай сайын аналитикалық анықтама ұсынылып отырады. Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұзушылықтар жөнінде жұмыстар тұрақты бақылауда. Негізгі міндет салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасын арттыруға баса назар аударылуда. Отырыс қорытындысы бойынша ұсынымдармен қаулы қабылданды.

Ирина Қоспағанбетова.