Ағымдағы жылдың 14-16шілде күндері Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің персоналмен жұмыс және қызметті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-заңгері Қ.УтеуоваменАқтөбе облысының Мәртөк, Қобда және Қарғалы аудандарында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу мақсатында ҚР Мемлекеттік сатып алутуралы заңнамаларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудандар әкімі орынбасарларының төрағалығымен өткізілген семинарларға ауданның мемлекеттік сатып алуына жауапты бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдерімен қоса мамандары қатысты.
Семинар барысында Департамент заңгері Қ.Утеуова қолданыстағы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 мамырдағы №498 бұйрығымен енгізілген өзгерістерге тоқталды.
Сонымен қатар, әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесіне қатысты біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі негізге алып, конкурстық өтінімдерді заңсыз қабылдамау - сыбайлас жемқорлықтың бірден-бір көрінісі болып табылатынын ескертті.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы бұзылған жағдайда,лауазымды тұлғаларға қатысты жауапкершіліктітүсіндіріп, басқа да Департаменттің құзыреті шегінде қойылған сауалдарға жауап берді.
Сөз соңында алдағы уақытта Заңға сәйкес жемісті жұмыс істеулеріне сәттілік тіледі.