Мәдениет мамандары марапатталды

Мәдениет мамандары марапатталды

Мәдениет және өнер қызметкерлері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй, мереке, шаттық сыйлауға бүкіл өмірлерін арнайды. Осы жолда аянбай жан-тәнімен еңбек етіп, өзгенің өмірін мерекеге айналдыру мамандық иелерінің басты мақсаты. Баршаға мәлім еліміз әлемді жайлаған індет айналып өтпеген кезде де төтенше жағдай енгізілгеннен бастап, мәдени, спорттық шаралар тоқтылды.

Соған қарамастан жұмыстың жаңа форматы енгізіліп, сала мамандары онлайн режимде де міндетін атқарып келді.

Ондағы мақсат осындай елдің үрейлі кезінде үмітпен рухты көтеру басты амал деп есептеген мәдениет сала қызметкерлерінің төтеншеліктермен қатар үлесі мол, еңбектері зор.

Еліміздегі өнер мамандарының ішінде біздің ауданның мәдениет қызметкерлерініңде өзіндік еңбегі бар.

Өткен аптаның сәрсенбісінде аудан әкімі Асқар Жүсібалиев аудандағы мәдениет саласының мамандарымен мерекелік кездесу өткізіп, қай мезгілдеде ауданның мәдениетін көтеруге, аудан атын асқақтатуға үлес  қосып жүрген мәдениет мамандарына жүрек жарды тілегін жеткізді.

Бұл күнде өңір өркениетінің дамуына мәдениет қызметкерлерінің негізгі атқарар жұмыстың бастысына тоқтала,алда да табыс тілеп ризашылығын білдірді. Сондай-ақ қалыпты үрдіске сай, өнер саласының дамуына үлес қосқан мәдениет үйі жанынан құрылған «Славяночка», «Freude», «Ақпейіл» вокалдық ансамблдерді, Қосестек ауылдық клубы жанындағы «Аққу» вокалды ансамбілерін марапаттап, Алғыс хатымен сый-сияпатын табыстады. Барша мәдениет қызметкерлеріне халық атынан алғысын жеткізе, өнерде биіктен көрінуге шынайы лебізін білдірді. Сонымен қатар аудан әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары Индира Сакауова аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Кербез» үлгілі би ансамблі, «Ұшқын» жастар театры, «Ауылдастар» вокалдық тобы, тағыда басқа бір қатар кітапхана қызметкерлерін өз Алғыс хатымен марапаттап, сый-сияпатын табыстай тұра, еңбектеріне жеміс тіледі.

Бір сөзбен айтқанда биылғы індетпен арпалысқа тұспа-тұс келген мәдениет қызметкерлерінің мерекесінде осындай қысыл таяң шақтағы еңбектеріне тоқталып, ауданда 21 мәдениет саласының мамандарының ерлікке тұражақ еңбектері еленді. Мәдени саласының майталмандары да қарапайым еңбекті ерліктей бағалаған аудан басшыларына ризашылықтарын білдіре, карантиндік талапқа сай дайындаған ән шашуды жолдаумен тарасты.

Бақыт ИМАШЕВ.