Кәсіпкерлерді қолдау - заң талабы

Кәсіпкерлерді қолдау - заң талабы

Заң саласы органдарының қызметкерлері тарапынан шағын және орта кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы шаралар жүзеге асырылып келеді. Қарғалы ауданының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша нақты жұмыстар жүргізуде.

Акционерлік қоғам шарты бойынша қамтамасыз ету ретінде енгізілген кепілдік ақшалай жарналарды қайтару кезінде заңдылықтың сақталуын талдау мемлекеттік органдардың қызметтерді жеткізушілер алдындағы міндеттемелерін сақтамағанын көрсетеді.

Аудан прокуратурасымен заңдылықты бұзудың 17 фактісі анықталып, Қарғалы ауданының әкімдігі мен аудандық білім бөліміне прокурорлық қадағалаудың 3 актісі енгізілді. Шарт бойынша қамтамасыз ету кәсіпкерлерге қайтарылды, осылайша олардың құқықтары қорғалды.

Сонымен бірге, аудан прокуратурасы жанындағы мобильді топқа уәкілетті органдардың әрекетіне қатысты 2 шағым түсті. Аудан прокуратурасының шараларымен олардың құқықтары қорғалды.

Кәсіпкерлерден аудандық прокуратураның жанындағы мобильді топқа олардың құқықтарының бұзылуы туралы сигналдар үнемі түсіп тұрады. Сондай-ақ, аудан прокуратурасымен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұрлық белгілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Талдау көрсеткендей, Қарғалы ауданы Қос Естек ауылындағы «Балауса» мектепке дейінгі ұйымын күрделі жөндеу нысаны бойынша жұмыстарды қабылдау кезінде «Балауса» балабақшасының басшылығы мердігерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін «Игілік-ГН» ЖШС-не төлем жүргізген. Кейіннен ішкі мемлекеттік аудит департаментінің тексеруімен 205 мың теңге сомасына жұмыстардың орындалмау фактісі анықталды.

Қарғалы ауданының прокуратурасы.