Туған табиғатты күтіп, аялап ұстау аса маңызды. Өйткені, біздің денсаулығымыз, салауатты өмір сүруіміз табиғатпен тікелей байланысты. Жас ұрпақ осыны сезініп, түсінуі қажет. Осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар да баршылық.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылғы 24-сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында «Киелі табиғат» жобасына бастау берді. Аталған жобаны Ақтөбе облысының «Жас Ұлан» ұйымы қолдап, мамыр айының әр сенбісі ағаш отырғызу, көлдердің жағалаулары мен саябақтарды тазалаумен жалғасуда. 2021 жылдың 15-мамыр күні «Таза парктер» экологиялық жобасы аясында Орталық саябақта №2 Бадамша орта мектебінің «Жас Ұлан» балалар ұйымы тазарту жұмыстарын жүргізді. Олар шыршалардың түптерін қопсытып, айналасындағы арам шөптерін жұлды. Осылайша көпшілік жүретін, демалатын орын саябақ жинақы, таза күйге түсті. Өзімізді қоршаған табиғатты аялап, оны күтіп ұстау әрқайсымыздың міндетіміз.
Қарғалы-ақпарат.