Музыкалық байқау мен Олимпиададағы жеңіс

Музыкалық байқау мен Олимпиададағы жеңіс

Алғаш рет Қарғалы аудандық Балалар өнер мектебі-ЮНЕСКО клубының "Дәстүрлі ән" сыныбы бойынша музыка бөлімінің тәрбиеленушілері терме жас орындаушыларының "Әнші дауысы"облыстық байқауына қатысты. Тәрбиеленушілер шеберліктің жоғары деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Назерке Халмұхамбет жүлделі 3 орынды иеленсе, Шамшырақ Боранбаева мақтау қағазымен марапатталды.

- Байқауды "Ақтөбе-Дарын"өңірлік ғылыми-практикалық қосымша білім беру орталығы өткізді. Айта кету керек, бұл номинацияда жеңіске жету өте қиын. Орындаушының домбырада ойнауы әнмен бір мезгілде үйлесуге тиіс. Мұғалім Әсемгүл Қожақова өз оқушыларын осыған үйрете алды, ал оның тәрбиеленушілері мұғалімнің үмітін ақтай алды. Байқауға қатысушылар Ғарифолла Құрманғалиевтің туындысын, сондай - ақ халық шығармаларының бірін орындауы қажет болды, - дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтын Мирманова.

Сонымен қатар музыка бөлімінің тәрбиеленушілері 5-7 сынып оқушылары арасында сольфеджио бойынша ашық облыстық олимпиадаға қатысты.

А.Мирманованың айтуынша, "Ақтөбе-Дарын" өңірлік қосымша білім беру ғылыми-практикалық орталығының бастамасымен өткен олимпиада онлайн режимде өтті. Ережеге сәйкес қатысушыларға тест тапсырмасын орындау, музыкалық диктант жазу және берілген әуенді аяқтау қажет болды.

Балалар өнер мектебінің жас тәрбиеленушілері оқытушы Людмила Целикованың жетекшілігімен тапсырмаларды өте жақсы орындап, барлық мәлімделген сайыскерлер жүлделі орындарға ие болды: Екатерина Бузулуцкая - 2 орын, Айшабиби Қарабатырова - 2 орын, Анастасия және Александра Сидоровтар - 3 орын.

Өздеріңіз білетіндей, ерте жастан музыкалық аспаптарда ойнауды үйрену баланың одан әрі дамуына жағымды әсер етеді. 2008 жылы Мэри Форгерд, Эллен Уиннер және Андреа Нортон Сент-Эндрюс университетінің оқытушылары үш жасқа жуық музыкамен айналысатын балалар өздерінің құрдастарынан бірден төрт көрсеткіш бойынша асып түсетінін анықтады: ақпаратты есту, моторика, лексика және логикалық ойлау. Сондықтан, ғылыми дәлелденген фактілерге сүйене отырып, Музыкалық білім баланың дамуы мен табысты тұлғаның қалыптасуының негізгі факторы болып табылады.

Қарағалы-инфо.