Бірлік бар жерде тірлік бар

Бірлік бар жерде тірлік бар

Жаз келді, жұмыс та жетерлік. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың билікпен қарапайым халықты жақындастыру барысындағы тапсырмасына орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адалдық алаңы» атты халықпен тікелей мекеме басшыларының онлайн арқылы жүргізген сұхбаттары расында да екі жақты жақындата түсті.
Жұртшылықпен осындай тікелей сұхбатты өткен аптаның бейсенбісінде Бадамша ауылдық округ әкімі Ернар Дабилдин жүргізген болатын. Ауылдық округ әкімі Е.Дабилдин бүгінгі таңдағы өзекті мәселе коронавируске қарсы жүргізіліп жатқан вакцинацияның мән-мағынасына кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ, ол ауылдастарын жаппай жүргізіліп жатқан екпеге бір кісідей дұрыс түсіністікте қатысуға шақырды.
Сонымен бірге ол елімізде тал егу науқаны басталғанына тоқталып, осы аптада аудан әкімінің қолдауымен Нұр-Отандықтар, аудандық мәслихат депуттатары бірігіп 50 дана шырша, 300 түп қарағаш басқа да тал-теректер отырғызғандарын тілге тиек етіп, аудандағы бизнес, басқа да мекеме, ұжымдарға осындай игі іске үлес қосуға шақырды. Одан әрі жылдағы елімізде ауыл-аймақты абаттандыру барысындағы жүргізіліп келе жатқан 2 айлық сенбіліктің әр аптаның бейсенбі, сенбі күндері өтетінін еске сала кетті. Сенбілік барысында тұрғындарға «біреу тазалайды» демей, өздері де жан-жақтарын тазалап, барынша ұқыпты болуды ескертті.
-Шыны керек, тазалық сақтау жұмыстарында мекеме, ұжым, мектептердің белсенділігі жоғары. Жалпы ережелерінде жазылмасада көшелер бекітіліп, жұмыс жүргізіледі. Алайда, жер үйде тұратындардың көзқарасы, әкімдіктен бастап басқа да мекеме қызметкерлері үйлердің маңын тазалау міндеттеріндей санап, қоқысты жинамайтындар да кезігіп қалады. Бұл дұрыс түсінік емес. Әрқайсымыз өзіміз отырған, өзіміз жүрген жеріміздің таза болуына жауапкершілікпен қарауымыз керек, - деді өз сөзінде Бадамша ауылдық округ әкімі Ернар
Дабилдин.
Көп қабатты үй тұрғындарының сенбілікке белсенділігіне тоқталып өткен ол ауылдастарын ортақ істе барынша бірлікте болуға шақырды. Мал ұстаған ауылдықтар үшін жазғы мал жайылым өзекті мәселе. Осы орайда, биыл тұрғындармен кездесу өткізілген, ауылда 3 табын ірі қара малын бағатын малшылар бар. Тек өріске шығатын малды орталық көше Пацаевпен шұбыртпай, Сәтпаев көшесімен Хромтау
жол бойына қарай малдарын айдап апарып, бақташыға тапсырып, кеште қарсы алатын екі гуртқа қосатын тұрғындардың есіне сала кетті. Ал, Геолог көшесінің тұрғындары темір жол бағытына шығады. Сондай-ақ, тұрғындарға төрт түлікті көше кездірмей мезгілінде күтіп алуды уақытылы қадағалауды да, қамаққа түскен мал иелері айып-пұл төлейтіндігін ескертті.
Жалпы ауыл әкімі ауылда жасалған және алда жасалар жұмыстар туралы бұдан бұрын айтылып жүргендіктен оған көп тоқталмай, ауылды көгалдандыру мәселесіне кеңінен тоқталды. Көктем, жаз мезгілдерінде тұрғындарды ауылды абаттандыру жұмыстарына ұйымшылдықпен атсалысуға шақырды. Тұрғындардан тікелей байланыста сұрақ болған жоқ. Алайда, бұдан бұрын әкімшілікке келіп түскен екі сұрақтың шешімін тапқанын жеткізді. Олар Пацаев көшесі мен орталық
саябақтың түнгі шамдарының жанбауы барысында болса, екеуі де бір-екі күнде жөнделетіндігін жеткізді. Сонымен ауыл әкімінің айтқаны жаз келді сіз бен біз атқарар жұмыс жетерлік деген сөзімен тікелей байланыс ауыл тұрғындарына серпін бергендей болды.
Бақыт Имашев.