Індеттің алдын алу қатаң бақылауда

Індеттің алдын алу қатаң бақылауда

Қарғалы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан «Covid-19» инфекциясымен күрес бағытында кең ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді.

Қазіргі уақытта ауданда «Covid-19» бойынша ахуал тұрақты. 2020 жылы 57 «Covid-19» (U07.1) жағдайы тіркелді. Ал, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап ауданымызда 38 жағдай (34-і симтомсыз), оның ішінде 26 аудан тұрғындары (Бадамша -10, Петропавловка -6, Ш.Калдаякова -2, Ащылысай -6, Кос-Истек -2) және 12 транзиттік (шекара арқылы өткендер) тіркелді. Және 1 жағдай өліммен тіркелді. Анықталғандармен жақын қатынаста болғандар толық бақылауға алынды. Эпидемияға қарсы санитариялық-эпидемиологиялық шаралар қатаң жүргізілуде.

-Індеттің алдын алу жұмыстары тиянақты жүргізілуде. «Әлімбет» шекаралық тосқауыл бекетінде 2020 жылдың 31-наурызынан бастап 2 маманнан ауысым (кемінде 7 күннен) сайын кезекшілік атқақарылып тұр. Жалпы 2020 жылдан бері «Әлімбет» шекаралық тосқауыл бекетінен өткен азаматтар 20038, анықтамамен келген азаматтар 19273.

2020 жылдың 6-қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін 765 адам Әлімбет ауылындағы карантиндік стационарда ПТР сынамасының нәтижесі шыққанша қабылданды. Карантиндік стационардан 2 науқаста (Әйтеке би және Мұғалжар ауданының тұрғындары) ПТР сынамасы нәтижесінен оң нәтиже анықталды,- дейді Қарғалы ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Бауыржан Алпысбаев.

Ауданда карантиндік стационар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай ыңғайластындырылып мектеп-интернат ғимаратында ашылған. 2020 жылдың 27-қазаннан бастап транзиттен басқа жүк таситын авто-көлік жүргізушілерінен жалпы 5236 адамнан ПТР сынамасы алынды, 20 жүк таситын авто-көлік жүргізушілерінен оң нәтиже анықталды. Барлық санитариялық-эпидемиологиялық шаралар уақытылы жүргізілуде. Барлық шаралар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сай жүзеге асырылып отыр. Осындай тынғылықты жұмыстардың нәтижесінде аудан көлемінде жағдай тұрақты.

Қарғалы ақпарат.