Қарғалы ауданында 12 бастауыш партия ұйымдары 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстарын қорытындылап, алдағы жоспарларын талқылады. Сондай-ақ, кейбір ұйымдардың төрағалары жаңарып, партияның аудандық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.
Қарғалы ауданында барлығы 12 бастауыш партия ұйымдары бар, бүгінгі таңда 980-ге жуық мүшесі бар. Алдағы уақытта мүшелерінің санын көбейту жоспарланып отыр. Олар бірінші кезекте азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, сайлауалды бағдарлама мен «Жол картасының» орындалуына атсалысып келеді.
Бастауыш партия ұйымдары жыл сайын белсенділігін арттырып, өзге партиялық ұйымдарға үлгі болып келеді. Бастауыш ұйымдары «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Құтты мекен» партиялық жобаларын жүзеге асыруға атсалысуда. Сондай-ақ, қайырымдылық шаралардан да тыс қалмайды.
Партиялық жобаларды негізге алған партиялық ұйым өкілдері соғыс және тыл ардагерлерін, аз қамтылған отбасыларды қамқорлыққа алған. «Бақытты отбасы» және «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бойынша көпбалалы аналарға көмек қолын созып, мүмкіндігі шектеулі жандарға да өз көмектерін көрсетіп отырады.
«Аурухана» бастауыш ұйымы 2019 жылы «Үздік бастауыш партия ұйымы» конкурсының облыстық кезеңінде ІІ орынды жеңіп алды.
Қарғалы - ақпарат.