Аудан аумағында «Covid-19» қатаң бақылауда

Аудан аумағында «Covid-19» қатаң бақылауда

Қарғалы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан «Covid-19» инфекциясымен күрес бағытында кең ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді.
Қазіргі уақытта ауданымызда «Covid-19» бойынша ахуал тұрақты. 2021 жылдың қаңтар айында ауданымызда 66 жағдай тіркелді, оның 10-ы транзиттік (аудан тұрғыны емес), 11 адам шекара арқылы өткендерден анықталды, 44-і симтомсыз. Анықталғандармен жақын қатынаста болғандар толық бақылауға алынды. Эпидемияға қарсы санитариялық-эпидемиологиялық шаралар қатаң жүргізілуде.
«Әлімбет» шекаралық тосқауыл бекетінде өткен жылдың 31-наурызынан бастап 2 маманнан ауысым (кемінде 7 күннен) сайын кезекшілік атқарылып тұр. Жалпы «Әлімбет» шекаралық тосқауыл бекетінен өткен азаматтар 16520, анықтамамен келген азаматтар 15827.
Өткен жылдың 6-қазанынан бастап қазіргі уақытқа дейін 693 адам Әлімбет ауылындағы карантиндік стационарда ПТР сынамасының нәтижесі шыққанша қабылданды. Карантиндік стационардан 1 науқаста (Әйтеке би ауданының тұрғыны) ПТР сынамасы нәтижесінен оң нәтиже анықталды.
Карантиндік стационар санита-
риялық-эпидемиологиялық талаптарға сай ыңғайластырылып мектеп-интернат ғимаратында ашылған.
Өткен жылдың 27-қазанынан бастап транзиттен басқа жүк таситын авто-көлік жүргізушілерінен жалпы 4531 адамнан ПТР сынамасы алынды, 11 жүк таситын авто-көлік жүргізушілерінен оң нәтиже анықталды. Барлық санитариялық-
эпидемиологиялық шаралар уақытылы жүргізілді.
Барлық шаралар Қазақстан Рес-
публикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сай жүзеге асырылады.
Бауыржан Алпысбаев,
Қарғалы ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

Рейд

Індеттің алдын алу
Ауданда елді алаңдатқан індеттің алдын алу бағытындағы жұмыстар жан-жақты жүргізілуде. Басты мақсат - инфекция өсімін өршітпеу. Бүгінгі уақытқа дейін аудан аумағында індетті өршітпеу бағытында өткен жылдың 5-шілдесінен бастап 729 рейдтік аралау жүргізіліп, 2516-дан астам нысан тексерістен өткен.
- Ауданда жұмысын қайта бастаған нысандарда санитарлық-
эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларының сақталған-сақталмағанын тексеретін 4 мобильдік топ жұмысқа кірісті. Осы топтардың құрамына аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының мамандары мен жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдарының өкілдері кірді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бақылау-
дағы 39 нысанда санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталып,39 нысанға 1 625 130 теңге көлемінде айып-пұл салынып, өндірілді, - дейді Қарғалы ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Бауыржан Алпысбаев.
Қауіпсіздік шараларына салғырт қараған және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындамаған азаматтарға қатаң шара – айып-пұл!
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді қазақта. Сол айтқандай, ауданда барша тұрғындар жұмыла отырып барлық қауіпсіздік шараларын толық ұстанса аталған дертті тоқтатуға болады. Ауданда рейд жұмыстарын карантин режимі аяқталғанша жүргізілмек.
Қарғалы-ақпарат.