Біздің мектеп оқушыларының 80 пайыздан астамы бастауыш мектептен бастап әлеуметтік желілердің белсенді қатысушылары екені жасырын емес. Олар бір-бірімен үнемі байланыста болады, әртүрлі жәйіттер бойынша пікір алмасады, топтасып жиналады, достар табады. Бір жағынан, мұндай қашықтықтан байланыс жасау жасөспірімдер үшін пайдалы болуы мүмкін. Ол жерде өздеріне пікірлес, жолдастарын табуға мүмкіндік алады. Өйткені өмірде танысудың алғашқы қадамын жасау әлдеқайда қиын. Екінші жағынан, «желі» тек байланыстырып қана қоймайды, сонымен бірге адамның қозғалысын шектейді, және белгілі бір деңгейде тәуелділікке әкеледі.
Көптеген отбасыларда ата-аналар компьютерге және ғаламторға балаға уақытты көп бөле алмайтын болғандықтан өздерін сол «жұмыстан» босатуға мүмкіндік беретін құрал ретінде қарайды. Бірақ керісінше, ата-ананың назары бала үшін ең қажетті нәрсе. Балаға неғұрлым көбірек көңіл бөліп, онымен жақын сөйлесіп, пікірлесе білсеңіз балаңызды интернет қаупінен соғұрлым көбірек қорғай аласыз. Ата-
аналар өз балаларына ғаламтор желісінде өзін қалай ұстау керектігін үнемі ескертіп отыруы қажет.
Қазіргі таңда ғаламтор желісін-
дегі жаңа қауіп-қатерлерге жасөспірімдер ұшырауда. Бұл проблема балалар мен жасөспірімдер арасында желіде ұрып-соғу және олардың сыбайластарын қорлау
туралы бейнелерді тарату сәнге айналғанына байланысты болып отыр. Виртуалды қарым-қатынас балаларға зиян келтіру үшін жағымсыз ниеті бар адамдарға қосымша мүмкіндіктер береді.
Интернет желісіндегі баланың қауіпсіздігінің алдын алу үшін төмендегі жәйттерді ата-ана назарда ұстағаны абзал.
Компьютерге ата-аналық бақылау және антивирус бағдарламаларын орнатыңыз.
Ересектер мен балаларға арналған компьютерде әртүрлі есептік жазбалар жасаңыз. Бұл баланы қорғауға ғана емес, жеке деректеріңізді сақтауға да көмектеседі.
Балаңыз кіретін ресурстарды үнемі қадағалап отырыңыз.
Балаңызбен Интернеттің қауіптілігі туралы ашық сөйлесіңіз. Сонда балаңыз Интернетте не болуы мүмкін екендігі туралы түсінікке ие болады және бұл жағдайда өзін қалай ұстау керектігін біледі.
Егер бала сізге сенім артып, желіде оған әсер еткен барлық нәрсені ашық айтса, сіз балаңызға төнген қиындықтардан аулақ бола аласыз. Есіңізде болсын, сіздің балаларыңыздың интернеттегі қауіпсіздігі 90 пайыз ата-аналарға байланысты.
Маншүк Қарағұлова,
аудандық білім бөлімінің әдіскері.