Қарғалы аудандық ауруханасында тұмауға қарсы вакцинация алу басталды.

Қарғалы аудандық ауруханасында тұмауға қарсы вакцинация алу басталды.

Қарғалы аудандық ауруханасында тұмауға қарсы вакцинация алу басталды.
Вакцинация - инфекцияға қарсы күресте тиімді, үнемді және қолжетімді жалғыз құрал. Вакцинация нәтижесінде инфекциядан тиімді қорғайтын және індет жұқтыру, сырқаттану қауіпін төмендететін нақты реакция пайда болады.
Тұмау – тыныс алу жолдарының жіті ауруы. Тұмау кезінде бас ауырып, адамның иммунитеті әлсірейді.
Биыл тұмауға қарсы екпе салу 1 қазанан басталды, салынатын «Гриппол плюс» вакцинасы Ресейде өндірілген.
Бүгінгі таңда барлық медициналық мекемелер тұмауға қарсы «Гриппол плюс» вакциналарымен толық қамтылған.
Тұмауға қарсы екпе алуды Қарғалы аудандық аурухананың басшысы Абдигалиев Еркебұлан Еркінұлы бастаған медицина қызметкерлері алып бастады.
Тұрғындарды егу үшін барлығы – 2157 доза, оның ішінде осал топтарды ақысыз егу үшін облыстық бюджеттен вакцинасының - 1957 дозасы берілді, ақылы түрде егілуге 200 дозасы бар .
Бірінші кезекте, қауіп тобындағы тұрғындарға салынады. Олар: созылмалы ауруы бар балалар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, жабық типтегі мекемелердің медициналық қызметкерлері (балалар үйі, мектеп интернаты, балаларға/мүгедектерге арналған мектеп-интернаттары), қарттар мен мүгедектер