ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ!

ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ!

ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ! 📚

Қарғалы ауданында ұстаздар қауымына құрмет көрсетуге арналған «Ұстаз – ұлы есім» атты салтанатты мерекелік шара өтті.

Мерекелік шараға аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев, сондай-ақ Ақтөбе облысы білім басқармасының кадр бөлімінің бас маманы Жолмағанбетова Сәндігүл Орынбайқызы қатысты.

Салтанатты жиында аудан басшысы ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбегіне жоғары баға берді.

Ұстаз – шәкірт жүрегіне жол тауып, білім нәрімен сусындатып, ел болашағын қалыптастыратын қастерлі мамандық иесі. Ұстаздың әрбір еңбегі – келешек ұрпақтың жарқын болашағына қосылған құнды үлес.

Шара барысында білім беру саласында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздар марапатталып, олардың кәсіби жетістіктері мен білім саласына қосқан үлестері атап өтілді. Сонымен қатар, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, ұстаздарға жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды.

🌟 Ұстазға құрмет – ұрпаққа құрмет!

Барша ұстаздарға мықты денсаулық, шығармашылық табыс, толағай жетістіктер және шәкірттерінің биік белестерін көру бақытына бөленулеріне тілектеспіз!