
Қарғалы аудандық аурухананың мобильді тобы гериатриялық көмек көрсетті.
Қарғалы аудандық аурухананың дәрігерлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 23 маусымдағы «Қазақстан Республикасында гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» № ҚР ДСМ – 55 бұйрығы негізінде, Қарғалы аудандық белсенді өмір сүру орталығында егде және қарт жастағы адамдармен кездесіп, денсаулықтарын қарап, қан қысымын өлшеп, ЭКГ, қан құрамындағы холестерин, шекерді тексеріп, дәрігерлік кеңестер берді. Қарт адамдарда жиі кездесетін созылмалы сырқаттарды (Альцгеймер ауруы, остеопороз, жүрек-қан тамырлары патологиялары, қант диабеті) емдеу жөнінде ұсыныстар берілді.
Іс – шараның мақсаты: Қариялардың өз бетінше тәуелсіз өмір сүруін қамтамасыз ету және әлеуметтік белсенділігін сақтау, қартаю үдерісін баяулатып, ағзаның физиологиялық қызметтерін қалыпты ұстау жолдарын қарастыру.