Ақтөбе облысында «Дала дәмі» республикалық концепциясы аясында кезекті жәрмеңке өтті

Ақтөбе облысында «Дала дәмі» республикалық концепциясы аясында кезекті жәрмеңке өтті

Ақтөбе облысында «Дала дәмі» республикалық концепциясы аясында кезекті жәрмеңке өтті

«Дала дәмі» республикалық концепциясы аясында бүгін Ақтөбе облысында кезекті жәрмеңке ұйымдастырылды.

Бүгінгі жәрмеңкеге Әйтеке би, Қарғалы және Мұғалжар аудандарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «Табыс» коммуналдық базарында өз өнімдерін ұсынды. Олар жалпы 4,7 тонна ет өнімдерін, 1,2 тоннадан астам сүт өнімдерін және 10 тонна көкөніс өнімдерін өткізді.

Қала тұрғындары мен қонақтарына ет және сүт өнімдерімен қатар «Ауыл аманаты» жобасы аясында өндірілген өнімдер де ұсынылды.