
ТАЗАЛЫҚ - ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдасамасы аясында жарияланған екі айлық санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары шеңберінде Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары Бадамша ауылындағы кәсіпкерлік нысандарының иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге нысандарға іргелес аумақтарды таза және ұқыпты ұстау, тұрақты түрде санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ сенбіліктер мен абаттандыру шараларына белсенді қатысу қажеттілігі түсіндірілді.