МАНАС ОМАРБЕКОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

МАНАС ОМАРБЕКОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

МАНАС ОМАРБЕКОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

📍Бадамша ауылында ауданның қоғамдық және спорттық өміріне елеулі үлес қосқан Омарбеков Манас Сейтқамалұлын еске алуға арналған шағын футболдан Бадамша ауылы лигасының ашылу салтанаты өтті.

🏆 Шара барысында Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев сөз сөйлеп, Манас Сейтқамалұлының ауданның дамуына және спорт саласына қосқан үлесін атап өтіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

👏 Манас Сейтқамалұлы әр жылдары білім беру саласында еңбек етіп, мемлекеттік қызметте бірқатар жауапты лауазымдарды атқарған, соның ішінде Бадамша ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. Ол футбол және волейболдан аудан құрамасында өнер көрсетіп, спортты дамытуға өз үлесін қосты. Сондай-ақ, Ақтөбе – Бадамша бағытындағы 120 шақырымдық марафонды жүгіріп өткен.

🤝 Турнирдің мақсаты – Манас Сейтқамалұлының есімін ұлықтау, спорттық дәстүрді жалғастыру және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

⚽️ Бадамша ауылы лигасына қатысушы командаларға сәттілік тілейміз! Спортта жеңіс, достықта береке болсын!