
Қарғалы ауданында заманауи диагностикалық орталық ашылды
Ақтөбе облысының Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы емханаға жапсарлас салынған төрт қабатты аудандық диагностикалық орталық пайдалануға берілді. Жаңа нысанның іске қосылуы аудан тұрғындарына облыс орталығына бармай, тұрғылықты жерінде медициналық тексерулерден өтуге мүмкіндік береді.