«Nur Otan» партиясы Қарғалы аудандық филиалының жиыны

«Nur Otan» партиясы Қарғалы аудандық филиалының жиыны

Қарғалы аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясының Қарғалы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясы болып өтті. Конференцияға саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысты.

Ауданда өткен кезектен тыс конференциясының қорытындысы бойынша, «NurOtan» партиясының Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы бекітілді. Өткізілген пікірсайыстар қорытындысы бойынша кандидаттар үшін дауыс беру өткізілді. Конференция соңында «Nur Otan» партиясынан Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімі және «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының кезектен тыс XXX конференциясына делегаттар тізімі бекітілді.

Пандемияға байланысты партияның аудандық филиалының конференциясы барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылып, өткізілді.

Қарғалы-ақпарат.