
АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев аудан әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту, жер қатынастары және өзге де өзекті мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Аудан басшысы әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заң аясында шешу жолдарын қарастыру жөнінде тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ көтерілген мәселелердің орындалуы бақылауда болатынын атап өтті.
Азаматтардың өтініштеріне жедел әрі сапалы жауап беру, тұрғындармен ашық диалог орнату – аудан әкімдігі жұмысының маңызды бағыттарының бірі.