«АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ» АТТЫ АУЫЛДАР КҮНІ ЖОСАЛЫ АУЫЛЫНДА ӨТТІ

«АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ» АТТЫ АУЫЛДАР КҮНІ ЖОСАЛЫ АУЫЛЫНДА ӨТТІ

«АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ» АТТЫ АУЫЛДАР КҮНІ ЖОСАЛЫ АУЫЛЫНДА ӨТТІ
Жосалы ауылында ауыл тұрғындарының басын қосқан «Ауылым – алтын бесігім» атты Ауылдар күні ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының бірлігін нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру және ауылдың мәдени өміріне серпін беру.
Мерекелік шара барысында ауыл тұрғындары мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мәдени бағдарлама ұсынылып, түрлі ойындар мен сайыстар ұйымдастырылды. Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары бас қосып, елдің ынтымағы мен ауылдың берекесі туралы жылы лебіздерін білдірді.