АУДАН ӘКІМІ ВЕЛИХОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ВЕЛИХОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ВЕЛИХОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАДЫ
Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев кезекті жұмыс сапарымен Велихов ауылдық округінде болып, әлеуметтік нысандарды және салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысын қарады.
Сапар барысында нысандардағы атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзіміне назар аударылды. Сондай-ақ құрылыс алаңдарындағы жұмыс қарқыны, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға беру мәселелері талқыланды.
Аудан басшысы құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, бекітілген кестеден ауытқуға жол бермеуді, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды және анықталған кемшіліктерді дер кезінде жоюды тапсырды.