АУДАН ӘКІМІ Ш.ҚАЛДАЯҚОВ АУЫЛЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ Ш.ҚАЛДАЯҚОВ АУЫЛЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ Ш.ҚАЛДАЯҚОВ АУЫЛЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫ АРАЛАДЫ
Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев кезекті жұмыс сапарымен Ш.Қалдаяқов ауылында болып, ауыл шаруашылығы нысандарын аралады.
Сапар барысында шаруа қожалықтарының қазіргі тыныс-тіршілігімен танысып, атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Шаруалармен кездесіп, ауыл шаруашылығын дамыту, мал азығын дайындау, өнім көлемін арттыру және алдағы жұмыс жоспарлары жөнінде пікір алмасты.
Аудан басшысы ауыл шаруашылығы аудан экономикасының маңызды салаларының бірі екенін атап өтіп, көтерілген мәселелерді тиісті бөлімдермен бірлесіп қарастыру жөнінде тапсырмалар берді.