
АЩЫЛЫСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АУЫЛДАР КҮНІ ӨТТІ
Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен Ащылысай ауылдық округінде «Ауылдар күні» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.
Тағылымды шараның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының ауызбіршілігін нығайту, елді мекендердің тарихы мен мәдениетін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа насихаттау және туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Мерекелік бағдарлама аясында ауыл тұрғындары мен қонақтарға арналған мәдени-көпшілік шаралар, ұлттық спорт ойындары мен түрлі байқаулар өткізілді. Жергілікті өнерпаздар көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ауыл азаматтары ортақ мерекеге белсенді қатысты.
Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев тұрғындарды мерекемен құттықтап, ауылдық округтің дамуына, елді мекендердің көркеюі мен қоғамдық өміріне үлес қосып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ауылдың берекесі мен тұрақты дамуы тұрғындардың бірлігіне, өзара қолдауына және адал еңбегіне байланысты екенін атап өтті.
Мерекелік шара ауыл тұрғындарының ынтымағын арттырып, туған жерге деген мақтаныш сезімін нығайтқан мазмұнды кездесуге айналды.