АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдер мен тиісті мекемелердің басшылары қатысты.

Жиын барысында күн тәртібіне енгізілген ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Жауапты сала басшылары атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, алдағы кезеңге белгіленген міндеттер жөнінде ақпарат берді.

Депутаттар қаралған мәселелер бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелерге назар аударды. Сондай-ақ тиісті мекемелердің жұмысына қатысты сауалдар қойылып, оларды шешу жолдары талқыланды.

Аудан басшысы көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, жауапты басшыларға тапсырмаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауды тапсырды.

Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданды.