Жер қатынастарына қатысты мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді

Жер қатынастарына қатысты мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді

Жер қатынастарына қатысты мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді

2026 жылғы 28 шілдеде Қарғалы ауданының Бадамша ауылында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша халықпен кең көлемді түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы құқықтық сауаттылығын арттыру, жер қатынастары саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру, сондай-ақ тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарына жан-жақты жауап беру болды.

Кездесуге Бадамша ауылының тұрғындары белсенді қатысып, әсіресе аудан жастары ерекше қызығушылық танытты. Қатысушылар мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндіктері, жер учаскелерін рәсімдеу тәртібі, жер кадастры, сәулет және құрылыс саласындағы қызметтер бойынша өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тиісті мамандардан нақты жауаптар алды.

Түсіндіру жұмыстарына Қарғалы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы К.Гусманов, Қарғалы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Султанов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының тіркеу және жер кадастры бойынша Қарғалы аудандық бөлімінің басшысы К.Бакитжанов, сондай-ақ Қарғалы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы К.Аумешева қатысты.

Кездесу барысында мамандар тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер берді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алу жолдары мен цифрлық сервистердің артықшылықтары кеңінен насихатталды.

Осындай түсіндіру іс-шаралары тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі сапалы алуына ықпал етіп, мемлекеттік органдар мен халық арасындағы ашық әрі тиімді байланысты нығайтуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.