ПЕТРОПАВЛ АУЫЛЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНЫҢ БАРЫСЫ БАҚЫЛАНДЫ

ПЕТРОПАВЛ АУЫЛЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНЫҢ БАРЫСЫ БАҚЫЛАНДЫ

ПЕТРОПАВЛ АУЫЛЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНЫҢ БАРЫСЫ БАҚЫЛАНДЫ
Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев кезекті жұмыс сапарымен Петропавл ауылында болып, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елді мекеннің санитарлық тазалығы мен абаттандырылу жағдайын бақылап шықты.
Сапар барысында ауыл ішіндегі көшелердің, қоғамдық орындардың, әлеуметтік нысандар маңы мен жол жиектерінің тазалығы қаралды. Сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару, арам шөптерді шабу, аумақтарды ретке келтіру және елді мекеннің сәулеттік келбетін жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды.
Аудан басшысы тазалық пен көркейту жұмыстары бір реттік шарамен шектелмей, тұрақты түрде жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.
Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, оларды белгіленген мерзімде жою және санитарлық тазалықты тұрақты бақылауда ұстау міндеттелді.