ӘЛІМБЕТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ӘЛІМБЕТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев кезекті жұмыс сапарымен Әлімбет ауылдық округінде болып, алдағы жылыту маусымына дайындық барысымен танысты.
Сапар барысында аудан басшысы ауылдық округтегі әлеуметтік нысандарды аралап, жылу жүйелерінің жай-күйімен, жөндеу және профилактикалық жұмыстардың орындалуымен танысты. Сонымен қатар қазандықтардың, инженерлік желілердің дайындығы, қажетті отын қорын қалыптастыру және жылыту маусымында нысандардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Анықталған мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау міндеттелді.