ҚОСЕСТЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АУЫЛ КҮНДЕРІ ӨТТІ

ҚОСЕСТЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АУЫЛ КҮНДЕРІ ӨТТІ

ҚОСЕСТЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АУЫЛ КҮНДЕРІ ӨТТІ

Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен Қосестек ауылдық округінде ауыл күндеріне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Тағылымды шараның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының бірлігін нығайту, елді мекеннің тарихы мен рухани құндылықтарын дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрлерді кейінгі ұрпаққа насихаттау.

Мерекелік бағдарлама аясында мәдени концерт, түрлі байқаулар мен көпшілікке арналған ойындар өткізілді. Ауыл тұрғындары мен қонақтары көтеріңкі көңіл күйде бас қосып, мерекелік шараларға белсенді қатысты.

Ауыл күндері тұрғындардың ауызбіршілігін арттырып, туған жерге деген құрмет пен мақтаныш сезімін нығайтқан мазмұнды мерекеге айналды.