«МЕЙІРІМДІ МЕКЕН»: ЖАС ВОЛОНТЕРЛЕРДІҢ ТИМБИЛДИНГІ ӨТТІ

«МЕЙІРІМДІ МЕКЕН»: ЖАС ВОЛОНТЕРЛЕРДІҢ ТИМБИЛДИНГІ ӨТТІ

«МЕЙІРІМДІ МЕКЕН»: ЖАС ВОЛОНТЕРЛЕРДІҢ ТИМБИЛДИНГІ ӨТТІ

Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен табиғат аясында «Мейірімді мекен» атты жас волонтерлер тимбилдингі өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – ерікті жастардың өзара ынтымақтастығын нығайту, командалық рухты қалыптастыру, олардың қоғамдық бастамаларын қолдау және волонтерлік қызметті одан әрі дамыту.

Тимбилдинг барысында жастар түрлі командалық ойындар мен танымдық сайыстарға қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар еріктілік қызметтің қоғамдағы маңызы, қайырымдылық, қоршаған ортаны қорғау және елді мекендердің тазалығын сақтау мәселелері талқыланды.

Аудан басшысы белсенді жастармен еркін форматта пікірлесіп, волонтерлердің ауданның қоғамдық өміріне қосып жүрген үлесін атап өтті. Сондай-ақ жастарды игі бастамаларға белсенді қатысуға, бірлік пен жауапкершілікті басты құндылық ретінде ұстануға шақырды.

Табиғат аясында өткен кездесу жас волонтерлерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың өзара байланысын нығайта түсті.