«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев Жосалы ауылын аралап, елді мекеннің санитарлық жағдайы мен абаттандыру жұмыстарын бақылауға алды.

Аралау барысында ауыл көшелерінің, қоғамдық орындардың, әлеуметтік нысандар маңының тазалығы, қоқыс шығару, арам шөптерді шабу және елді мекеннің сәулеттік келбетін жақсарту мәселелеріне назар аударылды.

Аудан басшысы жауапты тұлғаларға анықталған кемшіліктерді уақытылы жою, тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және ауыл аумағын көркейту бойынша нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарап, өз ауласы мен көшесінің тазалығына белсенді атсалысуға шақырды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар Жосалы ауылында тұрақты түрде жалғасатын болады.